04.05.2025
20:47
943
Маңғыстауда Бекет атаның 275 жылдығы мен Жеңістің 80 жылдығына орай спорттық жарыстар өтті

Маңғыстауда Бекет атаның 275 жылдығы мен Жеңістің 80 жылдығына орай спорттық жарыстар өтті

Маңғыстау ауданына қарасты Шебір ауылында Бекет атаның 275 жылдығы мен Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ардагерлер рухына тағзым» атты ауқымды мәдени-рухани іс-шара аясында өткен спорттық жарыстар қорытындыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақша күрестен 80 келі салмақта белдесу өтті. Жарыс нәтижесі бойынша 1-орынды Ақтөбе қаласынан Бекзат Шәкизаев, 2-орынды Шетпе ауылынан Қанат Әбілұлы, 3-орынды Ақтау қаласынан Рауан Салық пен Шетпе ауылынан Рысбек Әділбекұлы иеленді.

Аламан, тай бәйгелерінің де жеңімпазы анықталды. Аламан бәйгеде 1-орынды Жетібай ауылынан қатысқан «Бақкелді» тұлпары алды. Ал 2-орынды Боранқұл ауылынан Келдібай Ыбыройов атбегінің «Айкүрең» тұлпары иеленді. 3-орынды Сайын-Шапағат ауылынан Әлеке атбегінің «Ақмоншақ» атты тұлпары алды. 4-орын Шебір ауылынан келген Ұлан Орынғалиевтің «Таңшолпан» тұлпарына бұйырды. 

Тай бәйгесінде 1-орынды Шебір ауылынан Ерназар Сейтовтың «Айжұлдыз» жылқысы алды. 2-орынға Жаңаөзен қаласынан Абзал атты азаматтың «Тарлан» тұлпары ие болды. 3-орынды Шебір ауылынан Ұлан Орынғалиевтің «Бақкүрең» жылқысы иеленді.

Ал қой көтеру сайысында шетпелік Дастан Дулатов жеңіске жетті.