10.01.2023
18:14
1397
Маңғыстауда аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды

Маңғыстауда аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды

Маңғыстау облысында Бейнеу аудандық полиция бөлімінің бастығы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 
9 қаңтарда Маңғыстау облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Маңғыстау облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірігіп, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді.
 
"Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берген. Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовты ұстады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.