Маңғыстауда аудан әкімі көп балалы отбасыларға 10 пәтердің кілтін табыстады

21 Наурыз, 19:48 699

Маңғыстауда Наурыз мейрамы қарсаңында Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев аудан тұрғындарына 10 пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пәтерлер Маңғыстау ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан. Берілген жаңа пәтерлерде толықтай жөндеу жұмыстары өткізіліп, барлық коммуникация желілерімен толық қамтылған. 

Аталған баспаналар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға,  әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға, көп балалы отбасыларға беріліп отыр. 

Барша баспана иелерін шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа құт, береке кірсін! Сіздер бұл күнді көп күттіңіздер! Наурыз Мейрамы құтты болсын, - деді аудан әкімі Ержан Күмісқалиев. 

Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді жоспары әлі де жалғаспақ. 

Перизат Саденова
Бөлісу: