19.10.2025
19:04
453
Маңғыстауда «Алкогольсіз ауыл» қатары көбейді

Маңғыстауда «Алкогольсіз ауыл» қатары көбейді

Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданына қарасты Құланды ауылы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қарақия ауданының прокуратурасының бастамасымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Алкогольсіз ауыл» деп танылды, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Аудан прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ауылда осы күнге дейін бірде-бір қылмыстық құқық бұзушылық тіркелмегенін атап өткен жөн.

Осыған орай, өзара ынтымақтастықты көздейтін Меморандум жасалды. Аталған құжат аясында тараптар ауыл аумағында алкоголь өнімдерін сатуға және тұтынуға жол бермеу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша бірлескен шараларды жүзеге асыруға келісті.

Бұл бастама ауылдағы құқықтық тәртіпті сақтау мен тұрмыс деңгейін арттыруға оң ықпал етеді деп күтіліп отыр.