11.09.2024
09:45
1410
Маңғыстауда 7 жасар қыздың қолы арматураға қысылып қалған

Маңғыстауда 7 жасар қыздың қолы арматураға қысылып қалған

Оқиға Маңғыстау облысының Сайын Шапағатов кентінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шақырту орнына жеткен құтқарушылар 7 жасар қыздың қолына арматуракіріп кеткенін анықтады. Олар гидравликалық қайшылардың көмегімен арматураны кесіп, қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлеріне берді.