Маңғыстау облысында қоғамдық көлік қағып кеткен 10 жасар қыз оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz.-ке сілтеме жасап.
8 шілде күні сағат 17:30 шамасында Ақтау–Маңғыстау бағытында жүретін №105 қоғамдық көлігі 10 жасар қызды қағып кетті. Жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Қоғамдық көлік Ақтаудан Маңғыстау ауылына кіріп келе жатқан. Қыз бала Есмамбет көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде автобус қағып кеткен.
Куәгерлердің сөзінше, автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткеліне таяған сәтте тежегішті баспаған.
Қоғамдық көлік жүргізушісі Е. жол қозғалысы ережелерін сақтамай, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған қыз оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушіге ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Қоғамдық көлік айыптұраққа қойылды, - деді Мұнайлы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Батырхан Сындаров.