Маңғыстауда 321 млн теңге жымқырған "Кезби" компаниясының басшысы ұсталды

3 Қараша, 12:42 352

ҚМА "Кезби" компаниясының қаражатты жымқыру және салық төлемеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Ербол Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы ("аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді.

2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттар жасасты. Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Алайда, қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайларды жұмсамай жымқырған. 2024 жылғы 3 қарашада күдікті Е.Кезбаев ұсталды, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: