Маңғыстауда 29,5 млн теңгені ұрлаған колледж директоры сотталды

28 Мамыр, 16:54 659

Прокуратура органдары бюджет қаражатын тиімді пайдалану заңдылығының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талдау барысында гуманитарлық колледж директорының қызметкерлерге тиесілі сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі белгілі болды.

Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген.

Бейнеу аудандық сотының үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: