Маңғыстауда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

20 Маусым 2023, 10:00 1246

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 9-сыныпты бітірген 24 оқушы оқу жылының аяқталуын атап өту үшін автобус жалдап, Каспий теңізіндегі «Голубая бухта» жағажайына барған. Онда оқыс жағдай орын алып, бір жасөспірім қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды. Оқиға кезінде олардың жанында сынып жетекшісі болды. Соңғы қоңырауға дейін алдын алу шараларын жүргізіп, оқушылардың табиғатқа шығуына тыйым салу туралы ақпарат жариялағанымызға қарамастан, мұғалім қаладан шығуға рұқсат берген. Өрескел бұзушылыққа жол бергені, сондай-ақ өз міндеттемелеріне немқұрайлы қарағаны үшін мұғалімге сөгіс жарияланды, - деді Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.

Суға батқан жасөспірімдердің үшеуі судан өздері шыға алды, тағы екеуін куәгерлер құтқарды. 2007 жылғы бір жас жасөспірім ауруханаға бара жатқанда көлікте қайтыс болды.

Хабарланғандай, үш бойжеткен ауруханада жатыр. Олардың жағдайы орташа дәрежеде. 2008 жылғы тағы бір қыз бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы ауыр. Оқушының қайтыс болу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: