Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекМаңғыстауда жыл басынан бері азаматтардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өтініштеріне жедел ден қою мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін «109» бірыңғай байланыс орталығына 12 480-нен астам өтінім түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Құдайберген Алмағамбетов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, облыста ахуалдық орталықтың іске қосылуына байланысты «109» байланыс орталығының функционалын кеңейту және оны білікті мамандармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Тиісті келісім жасалған соң «109» орталығын ахуалдық орталықтың құрылымына біріктіру көзделуде. Бұл қадам мониторинг және талдау жүйесімен біріктіріп, түрлі қызметтер мен ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ байланыс орталығы қызметкерлерінің функционалын кеңейтуге мүмкіндік береді, – деді басқарма басшысы Құдайберген Алмағамбетов.
Сондай-ақ, спикер брифинг барысында өңірде «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы іске асырылып жатқандығын айтты.
Маңғыстауда экология, абаттандыру және қауіпсіздік салаларында дрондарды пайдалануға бағытталған «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы іске асырылып жатыр. Дрондар жолдардың, қоршаған ортаның және ауыл шаруашылығы нысандарының жағдайын бақылауда тиімді құрал ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары мен мамандарға қолжетімсіз немесе қауіпті аумақтарда аэротүсірілім жүргізуге мүмкіндік береді, – деді Құдайберген Алмағамбетов.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес