Маңғыстау тұрғыны алимент ретінде пәтер өндіріп алды

Маңғыстау тұрғыны алимент ретінде пәтер өндіріп алды

Маңғыстау облысында жыл басынан бері алимент бойынша атқарушылық құжаттарға талдау жүргізілді. Прокуратура талдауынан кейін уәкілетті органға ұсыну енгізіліп, нәтижесінде 33 млн теңге және 1 пәтер өндіріп алушының пайдасына берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұдан өзге алимент төлеуден жалтарған 26 адамға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабының 1-бөлігімен айыппұл және қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Сонымен қатар, 5 адамға қатысты Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен  айыптау үкімі қабылданды. 

Осы ретте облыс прокуратурасы борышкерлердің назарына кәмелетке толмағандардың күтіміне алимент төлемеген жағдайда Қылмыстық кодекстің 139-бабының 1-бөлігімен жауаптылық көзделгендігін және алимент өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттар қала прокуратурасының басты назарында екенін ескертеді.