Маңғыстау полицейлері тексеріс кезінде көлік жүргізушісінен қару мен оқ-дәрі тәркіледі

29 Шілде 2023, 09:51 1029

Ақтауда облыстық полиция департаментінің арнайы іс-шарасы кезінде өзімен бірге тапанша алып жүрген көлік жүргізушісі ұсталды,  Еl.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

27 шілде күні Маңғыстау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сағат 20:40 кезінде Ақтау қаласында 23 жастағы азаматты тоқтатты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жүргізушінің қол сөмкесінен жауынгерлік тапанша табылды. Сонымен қатар, «Kia Sportage» маркалы көліктен 60 дана "РАК" маркалы 9 мм патрондар тәркіленді», - деп жазылған полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ, ұсталған жүргізушінің үйінен 1 дана атаусыз травматикалық тапанша, 720 дана "РАК", 40 дана "Барнаул", 30 дана "ГРОМ", 12-калибрлі 6 және  "10Х24" деген жазуы бар 18 дана патрондар табылғаны белгілі болды.    

      Қазіргі уақытта аталған деректі Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген. Ал күдіктіге қатысты тиісті мінездеме жазу туралы бұлтартпау шарасы таңдалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Бұдан бөлек, күдікті азаматтың иелігіндегі көлік айыптұраққа қойылған.

Асқар Таудай
Бөлісу: