20.06.2024
12:26
1353

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.