27.11.2023
17:30
5406
Маңғыстау облысының әкімі Болат Назарбаевтың асына неге бармағанын түсіндірді

Маңғыстау облысының әкімі Болат Назарбаевтың асына неге бармағанын түсіндірді

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Астанада өткен Болат Назарбаевтың асына шақырылмағанын айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еске сала кетейік, Астананың Бас мешітінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қайтыс болған інісі Болат Назарбаевтың құрметіне ас берген болатын. Асқа елімізде түрлі лауазымды қызмет атқарған танымал тұлғалар қатысты.

Маңғыстау облысының басшысынан тілші барған-бармағанын сұрады.

Асқа шақырылған жоқпын, – деп қысқа қайырды Нұрлан Ноғаев.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қараша күні тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудан қайтыс болғаны мәлім болды.