Маңғыстау облысындағы балалар пансионаттарында діни әдебиеттер оқытылған

7 Тамыз, 14:53 612

Маңғыстау облысы прокуратурасының  органдары балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, облыста 5 пансионат қызмет көрсеткен (Мұнайлы ауданында 2, Жаңаөзен қаласында, Қарақия және Түпқараған аудандарында 1). Алайда іс жүзінде мекемелердің қызметі олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келген.

Барлық мекемелер бойынша тәрбиеленушілердің діни әдебиеттерді пайдаланғаны және басқа да заңдылықты бұзушылық фактілері анықталды. Бұл ретте қайырымдылық мекемелерінің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары болмаған. Осылайша балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары бұзылған, - делінген мәліметте.

Тексеру нәтижелерінен соң еңбек, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт сөндіру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін пансионаттар басшылығына қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,3 млн теңге айыппұл салынды.

Бұдан бөлек балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары) де әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта прокурорлардың талап-арыздары бойынша сотпен барлық көрсетілген пансионаттардың тіркеу күші жойылып, қызметтері тоқтатылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: