Маңғыстау облысында жоғалған балалар табылды

Маңғыстау облысында жоғалған балалар табылды

23 наурыз күні кәмелетке толмаған үш баланығң жоғалып кеткені туралы мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Маңғыстау облысының ТЖД-не 2024 жылғы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жоғалған ұлдар 2012 жылы, 2014 жылы және 2018 жылы туған.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Жоғалған балалар 24 наурыз күні сағат 3:40-та көрші үйдің аумағындағы шаруашылық құрылысында табылды. Медициналық көмек қажет болмады.