21.11.2023
15:11
1451
Маңғыстау облысында жер екіге бөлініп, сызат пайда болған

Маңғыстау облысында жер екіге бөлініп, сызат пайда болған

Маңғыстау облысы Жетібай ауылында жер екіге бөлініп, үлкен сызат пайда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде таралған видеода жердегі сызаттың 2 шақырымға созылып жатқаны айтылған. Қарақиян ауданының әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Видеодағы жер Жетібай ауылындағы Асар кен орнының солтүстігінде орналасқан, “ГУ-28” деп аталады.

Қарақиян ауданының әкімдігі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ зардаптарының себептерін анықтау және зерделеу мақсатында тиісті мекемемен келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, тұрғындар мен шаруа қожалық иелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қолдауымен жерді тегістеу үшін арнайы техникалар бөлу жұмыстары жүргізілуде, – делінген әкімдік хабарламасында.