11.08.2024
23:24
767
Маңғыстау облысында суға батқан ер адам құтқарылды

Маңғыстау облысында суға батқан ер адам құтқарылды

Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауында 2003 жылы туған ер адам шомылуға жабдықталмаған жерде шомылып, өз бетінше жағаға шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-құтқару жасағы жас жігітті судан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылған.