Маңғыстау облысында құны 1,1 млрд теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

1 Ақпан, 19:08 783

Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 млрд теңге, ауданы 696,8 га құрайтын үш учаске игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, талдау нәтижесімен Ақтау қаласының аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың  61 дерегі анықталды.

Облыс бойынша 57 ШҚ-мен 44 850 га құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы жануарларының саны жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20% аз) сәйкес келмей, жер учаскелері пайдаланылмаған, - делінген мәліметте.

Осыған орай кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: