Маңғыстау облысында итбалықтың қырылуына қатысты зерттеу қорытындысы шықты

8 Қараша, 09:33 313

Маңғыстау облысында итбалықтың қырылуына қатысты жүргізілген зерттеудің алдын ала қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Гидробиология және экология институтының мамандары бұл жағдайға эпидемия себеп болмағанына сенімді. Экологтардың сөзінше, су жануарлары ауру жұқтырған жағдайда олар жаппай бір жерде өлуге тиіс еді. Алайда өлекселер әр жерден табылған. Сондай-ақ қырылған аналық итбалықтардың жартысынан көбі буаз екен. Бұл олардың тіршілікке бейім болғанын көрсетеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Айта кетейік, Каспий жағалауынан қазанның 27-сі мен 30-ы аралығында 300-ден аса итбалық өлексесі табылған. Ал осы аптаның басында тағы 121 өлексе табылды. Қырылған су жануарларын зерттеумен айналысқан Әсел Баймұқанованың айтуынша, итбалықтар күзде көбеюі үшін Солтүстік Каспийге қарай ауысады. Олар теңіздің осы бөлігіне шоғырлану кезінде өлген болса керек.

Гидробиология және экология институтының экологы Әсел Баймұқанова зерттелген аналықтардың жартысынан көбі буаз екенін айтты. Сондай-ақ семіз итбалықтар екені көрініп тұр.

Олардың өлімі табиғи емес, кенеттен болғандай. Өлімнің себебі әртүрлі болуы мүмкін: табиғи (жер сілкінісі, табиғи газ шығуы), техногенді (теңіз аймақтарының ластануы), аурулар (эпидемиялар). Егер эпидемия болса, итбалықтар жаппай бір жерде қырылатын еді, - деді 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: