Маңғыстау облысында экологияға қатысты қандай шаралар атқарылды

29 Мамыр, 02:37 296

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті инспекция бойынша стратегиялық бағыттар шеңберінде 2023 жылы 46 тексеру жүргізген, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш 2022 жылы 77 тексеруді құраған. Тексеру нәтижесі бойынша 49 заң бұзушылық анықталып, сәйкеcінше нұсқама берілді. Сондай-ақ, профилактикалық бақылау мақсатында, бақылау мен қадағалау субъектісіне қатыспай 34 профилактикалық бақылау жасалды. Нәтижесінде бақылау мен қадағалау субъектісінде анықталған заңбұзушылықты жою тәртібін түсіндіре отырып, ұсыныстар берілді.

Әкімшілік жаза бойынша статистика 2023 жылдың тексеру нәтижесі бойынша жалпы сомасы 173 млн. теңгеге 131 әкімшілік айыппұл салынып (2022 ж. –211/300 млн. теңге), оның ішінде сомасы 155 млн. теңге 114 әкімшілік айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді (оның ішінде: 91 әкімшілік айыппұл қысқарту тәртібімен 58 млн. теңге төленді және 21-і 97 млн. теңге қысқартуға жатпайды).

2024 жылғы I жартыжылдық жоспар бойынша 2 субъектіге қатысу профилактикалық бақылау және 16 мекеменің талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу бойынша тексерістер кезеңкезеңімен жүргізіледі. Сондай-ақ, биыл төрт ай ішінде жоспардан тыс 8 мекемеге тексеріс жүргізіліп, ірі көлемде айыппұл салынған.

Облыс аумағындағы экологиялық мәселелерді нақтылап, пысықтау үшін жыл басынан бастап, 4 ай аралығында аудан, ауылдық елді мекендерді шолу жұмыстарын жергілікті халықпен, аудандық маслихат депуттарымен және қоғамдық кеңестің мүшелерімен кездесу барысында көбіне көтеретін мәселелерінің бірі рұқсат етілмеген қоқыс үйінді жерлерін жою және қоқыс тастайтын жерлердің пайда болу мүмкіндігін азайту жөніндегі шараларды күшейту (себебі әрбір қоқыс төгіндісі - ол полигонға айналады).

Сондай-ақ, 2023 жылы облыстық әкімдікпен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша анықталған 111 нүктедегі рұқсатсыз орналасқан қоқыстарды жою кестесі бекітіліп, аудан және қала әкімдіктеріне (27.07.2023 жылы) орындау үшін жолданды.

2023 жылғы 111 нүктеде рұқсатсыз орналасқан қоқыстың 95-нүктесі (85%) әкімдіктердің күшімен тазартылды. Қалған 16 нүкте Жаңаөзен қаласы аумағында шоғырланған және тазарту жұмыстары жалғасуда. Алайда, жұмыс баяу жүргізілуде. 2024 жылы 12 қоқыс орны анықталды. Департаментпен шолу жұмыстары жүргізілуде және экологиялық кодекске сәйкес, жергілікті аудан, қала әкімдіктеріне рұқсатсыз орналасқан қоқыс үйінділерін жою міндетті жүктелген. Слайдтта көргеніңіздей елді мекендердегі жасалған жұмыстар. Департамент тұрақты негіздегі меморандумға сәйкес полиция департаментімен, облыс әкімдігімен бірлесіп белгіленген орындарда қоқыс шығару деректерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде, аталған дерек бойынша тиісті адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ендігі кезекте, қалдықтардың күйі туралы кері байланыс процесінің схемасын «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп TABIGAT.GOV.KZ веб-платформада табиғи ресурстардың интерактивті картасын әзірледі және тәжірибелік пайдалануға енгізді.

Платформа - мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, табиғат пайдаланушылар мен жұртшылық үшін географиялық картада қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы деректерді жинаудың, жүйелеудің, сақтаудың, өңдеудің және визуализациялаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін білдіреді.

Ол платформада да, әзірленіп жатқан мобильді қосымшада да заңсыз қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі жұмыстардың барысын келісу, бақылау және қадағалау процестерін автоматтандыру бір жүйеге қойылған. Қазіргі уақытта «Қалдықтар статусы» бизнес-процессі экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен өңірлік департаменттің құзіретінде.

1. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өндірістік және тұтыну қалдықтарының дерекқорын платформаға жүктейді немесе волонтер мобильді қосымшада қалдықтарды анықтау орнын белгілейді (геолокация, фото жазу, шолудың сипаттамасы) және оны жүйеге жібереді.

2. Аудан, қала, ауыл әкімдіктері жүйеге келген хабарламамен танысып, 5 жұмыс күні ішінде қалдықтар табылған жерді тексеруге бару қажет.

3. Содан кейін аудан, қала, аудан, ауыл әкімдіктері 25 жұмыс күнi iшiнде тазалау процесiн ұйымдастырып жояды, ал кешiктiрiлген немесе әрекетсiздiк болған жағдайда балама сценарийдi жүзеге асырады. Жүйе, экология комитетіне және экология департаментіне дерек хабарлама жібереді, өз кезегінде Маңғыстау облысының экология департаменті жауапты лауазымды тұлғаға міндетті түрде шара қолданылады. Ағымдағы жылдың наурыз-мамыр аралығында жергілікті тұрғындардан әлеуметтік желі арқылы қаладағы жағымсыз иіс туралы 60-қа жуық шағым түсті. Өз құзіреті шегінде департамент мамандары қаладағы жағымсыз иіс көзін анықтау мақсатында, тұрақты тәулік бойы жан-жақты атмосфералық ауаға мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, Мұнайлы ауданы Атамекен селосының өндірістік аумағында орналасқан мал бағуға арналған базаның аумағында атмосфералық ауаға көміртегі тотығы көрсеткіші шекті концентрациядан артуын көрсетті. Осыған байланысты қазіргі кезде департамент Мұнайлы ауданы әкімдігіне шара алу үшін хабарлады. Соңғы кездері осындай қаладағы жағымсыз иіс немесе кейбір аудандағы карьерлердің шаңдату мәселелері көбінесе демалыс, жұмыс емес күндері орын алады. Осыған байланысты демалыс күндері тұрғындардан әлеуметтік желіде өздерінің шағымдарын білдіріп жатады. Демек, кейбір өндірістік мекемелер қоршаған ортаға, жергілікті тұрғындарға дегенде немқұрайлы жауапсыздықпен қарайтындығын білдіреді.

Шетпе елді мекені бойынша Маңғыстау облысы Шетпе ауылының тұрғындары үшін негізгі экологиялық мәселесінің бірі - қиыршық тас өндіретін карьерлерден шығатын өндірістік шаң. 2018 жылдан бастап, күні бүгінге дейін Шетпе елді мекенінің айналасындағы қиыршық карьерлерге қатысты 22 тексеріс болды. Өз кезегінде, департамент осы бағытта мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында шаңданудың алдыналу мақсатында тас уату кешенін пайдалану кезінде техникалық 6 судың ашық форсункалық шаң бүрку тәсілін қолдану түрінде ерекше шарттарын берді.

- 2020-2023 жж. 5 қиыршық тас өндіретін карьер кері қайтарылған. Нәтижесінде барлығы 25 карьер қалды (оның ішінде: Шетпе ауылының аумағында 19 карьер бар). 2023 жылы экология министрі мен облыстық әкімдіктің қызметкерлері халықпен кездесу кезінде туындаған эколог штатын бөлдіру тапсырмасына сәйкес, экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы 01.04 - 30.04.2024 ж. аралығында Маңғыстау ауданына қызметтік іссапарында болды.

Іс-сапар барысында Шетпе ауылы маңындағы қиыршық тас карьерлерін шолу кезінде бірқатар мәселелер анықталды. Шетпе ауылының маңындағы нақты жұмыс жасап тұрған қиыршық тас карьерлердің саны 8. Аталған карьерлерде барлығы шамамен 71 адам қызмет жасайды. Талдама көрсеткендей, шаң негізінен тасымалдау кезінде пайда болады. Сондықтан да, бұл мәселе кешенді шешуді талап етіп отыр. Өзіңізге белгілі Ақтау қаласының өсуіне байланысты, қиыршық тас (щебень) қажеттілік етеді. Осыған орай жеке кәсіпкерлердің жүк тасығыш көліктері күні-түні тоқтаусыз қиыршық тас тасмалдайды. Өткен жылы техниканы тексеретін жүрмелі постар тұрғанда, жүк тасығыш көліктер біршама реттелген болатын.

Шетпеде шаң басу мәселелері:

1) Карьерлер өндірісінде технология процесс бойынша учаскелерге су себу арқылы;

2) Шетпедегі карьер сайымен баратын жолды асфальт төсеу арқылы шаңды 70-80% басу;

3) Сонымен қатар карьер аумағына техниканы тексеретін бекет орнату. Сырттан келген жүк тиегіш автокөліктерді қадағалап, нормадан тыс қиыршық тасты жүктемеу;

4) Шетпе елді мекені аумағынан ауадағы ластағыш заттарды бақылау үшін Казгидромет стациясын орнату.

Облыста автоматтандырылған монитроинг жүйесінің (Эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелері концентрациялардың газ (түтін) шығарындыларында нақты уақыт режимінде үздіксіз өлшеуге, сондай-ақ келесі заттардың шығарындыларының жалпы көлемін есептеуге арналған.

1) «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ - ГТУ-1 және ГТУ-2 эмиссия көздерінде АМЖ (АСМ) орнатылып, ұлттық деректер қорына қосылды;

2) «ҚазАзот» АҚ - Газ электр станциясының шығарынды көздерінде АМЖ (АСМ) орнатылып, ұлттық деректер қорына қосылды.

3) «Каспий Цемент» ЖШС - негізгі сүзгісіне АМЖ (АСМ) орнатылып, «НИТ» АҚ-мен деректерді беру интеграциясы күтілуде.

4) «МАЭК» ЖШС - АМЖ (АСМ) орнату қазандықтың бастапқы қондырғыларында болады. Қондырғы осы күнге дейін орнатылмаған.

Себебі «МАЭК» ЖШС-і кезең-кезеңімен сипатталған және АМЖ (АСМ) орнату мерзімін ұзарту себебін көрсететін жол картасы әзірленіп, экологиялық комитетке жіберілді, көрсетілген мерзімдері бар жол картасы келісілген жоқ.

АМЖ (АСМ) енгізбеудің салдары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 1200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға және экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.

Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ы мен министрлік арасында жасақталған меморандум бойынша қарастырылған 3 млн. 544,87 мың тонна (2587,5м3) көлемінде мұнай қалдықтарын қазіргі таңда 2 млн. 807,7 мың (2049,4м3) тоннасы өңделген.

Аталған қалдықтар «Манғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Өзенмұнайгаз» АҚ-на тиесілі кен орындарында мұнаймен тарихи ластанған жерлерді 9 мердігерлік компаниялармен химиялық, биологиялық және гидродинамикалық әдістермен өңделуде.

Бүгінгі күні Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті тарапынан меморандуммен қойылған міндеттемелердің орындалу барысы қатаң бақылауға алған. 

Зарина Арман
Бөлісу: