Маңғыстау облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының аумағында 26 шағын ауданда Lexus маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz
Автокөлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балықтар табылды, олардың жалпы салмағы 302 келіні құрады.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған күдіктілер - 32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматша.