14.08.2025
22:43
566
Маңғыстау аймағы Қытаймен инвестициялық байланысты кеңейтуде

Маңғыстау аймағы Қытаймен инвестициялық байланысты кеңейтуде

Жақында Маңғыстау облысының делегациясы Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, өңірге инвестиция тарту және ірі жобаларды ілгерілету мақсатында Қытайдың жетекші компаниялары мен мемлекеттік құрылымдарының басшыларымен бірқатар ресми кездесулер өткізген болатын, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Осы сапарда қол жеткізілген ынтымақтастықты арттырып, келісімдерді бекіту үшін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Цзинин қаласында өткен «Шекарааралық сауданы дамытуға арналған жаһандық шешімдер» конференциясында делегация Маңғыстау облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның артықшылықтары мен перспективаларына тоқталды.

«Ақтау теңіз порты» АЭЭ басқарма төрағасының орынбасары Асылбек Досанов жобаларды іске асырудың қолжетімді тетіктері туралы айтып өтіп, өңірдің көліктік-логистикалық, туристік және өнеркәсіптік әлеуеті, сондай-ақ халықаралық әріптестікке ашықтығы туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сол күні делегация Шаньдун провинциясы Сауда палатасы төрағасының орынбасары Ван Хон ханыммен бірге инженерлік техника өндіретін екі ірі кәсіпорын - Shandong LIPAI Machinery Group Co., Ltd. және Shandong Hengwang Group компанияларына барды. Кездесу барысында қатысушылар өңірдің машина жасау секторының дамуы мен озық технологияларымен танысып, Шаньдун провинциясында инженерлік техниканың өндірістік тізбегінің кешенділігін атап өтті.

Жұмыс сапарында делегация Ляочэн қаласының Янгу уезіндегі өндірістік кәсіпорындарды аралады. Олар Yanggu Litong Chiselling Tools Manufacturing Co., Ltd. (бұрғылау құралдары мен гидромолоттарға арналған тозуға төзімді бөлшектер өндірісіне маманданған) және Shandong Fengzhiyue Petroleum Machinery Co., Ltd. (бұрғылау сорғыларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын) компанияларының қызметімен танысты.

Сапар барысында делегация кәсіпорындардың жұмысын көріп, олардың технологиялық мүмкіндіктерін, шығаратын өнім түрлерін зерделеді. Сондай-ақ мұнай-газ және құрылыс жабдықтары саласында бірлесіп жұмыс істеу жолдарын талқылады.

Біз оларды «Ақтау теңіз порты» АЭА зауыт ашуға шақырдық. Біздің экономикалық аймақта көптеген жеңілдіктер бар, корпоративтік табыс, мүлік, жер салығы мен импорт ҚҚС-тан босату, кедендік баждардан босату, жобаларға толық әкімшілік және техникалық қолдау көрсету қарастырылған. Мұндай кәсіпорындар Маңғыстауда ашылса, еліміздегі мұнай компаниялары өнімді шетелден емес, өзімізден алар еді, деді «Ақтау теңіз порты» АЭЭ басқарма төрағасының орынбасары Асылбек Досанов.