Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығында деформациялық тігістерді жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске схемаға сәйкес толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.