Тбилисиде (Грузия) мәнерлеп сырғанаудан ірі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Турнирде әйелдер арасында қысқа бағдарлама бойынша сайыс өтті. Аралық көшбасшылықты Грузия өкілі Анастасия Губанова иеленді - 65.76 ұпай.
Италиялық Анна Пеццетта екінші орын алса (64.32), ал Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин үздік үштікті түйіндеді (62.10).
София Фарафонова 23-орын алды - 29.20 ұпай, Амина Алексеева - 24-орында (25.29), ал Русалина Шакрова - 25-орынға тұрақтады (24.07).