Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңімпаз атанды

5 Қазан, 22:08 802

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер командасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада өткен жарыста спортшы тұғырдың бірінші сатысына көтеріліп қана қоймай, қысқа бағдарламада жеке рекорд орнатты (95,50 балл).

ҰОК мәліметінше, Михаил Шайдоров бағдарламаны орындағаны үшін төрешілерден 166, 83 ұпай алды. Ол жалпы 262,33 ұпай жинады. Екінші орын Әзірбайжаннан келген Владимир Литвинцевке бұйырды (246,00). Грузиялық спортшы Ник Эгадзе қола медаль жеңіп алды (242,43).

 

Перизат Саденова
Бөлісу: