03.06.2025
16:47
1264
Мандариннің бір тілімін жұтып қойған әйел қайтыс болды

Мандариннің бір тілімін жұтып қойған әйел қайтыс болды

Санкт-Петербургте 64 жастағы әйел мандарин жеп отырып, тұншығып қалған, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

SHOT агенттігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 мамыр күні таңертең Фрунзе ауданының Бухарест көшесінде болған. Әйел үйінде мандарин жеп отырған кезде оның бір тілімін жұтып қойып, тыныс алуы қиындаған.

Дәрігерлер дереу оқиға орнына жетіп, клиникалық өлім жағдайында қалған әйелді қайта тірілтіп, ауруханаға жеткізген. Содан бері әйел дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, тыныс алу түтікшесі арқылы дем алып жатқан болатын.

Оқи отырыңыздар:

Алайда, бір аптадан кейін асқынулар басталып, әйелдің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады – ол қайтыс болды.