04.06.2023
05:30
1188
«Манчестер Сити» жетінші рет Англия кубогын иеленді

«Манчестер Сити» жетінші рет Англия кубогын иеленді

Англия кубогының финалдық ойынында «Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен матч 2:1 есебімен «қалалықтардың» пайдасына шешілді.

Жеңімпаздар сапында Илкай Гюндоган дубль (1-ші және 51-минуттар) авторы атанды. МЮ-ден Бруну Фернандеш мергендік танытты (33, пенальтиден).

Гюндоган ойынның 12-секундында гол соғып, Англия кубогы финалдарының тарихындағы ең жылдам гол авторы атанды.

«Ман Сити» өз тарихында осымен жетінші рет кубокты бастарына көтерді (1903/04, 1933/34, 1955/56, 1968/69, 2010/11, 2018/19, 2022/23).

Ал «Манчестер Юнайтед» 12 рет топ жарған. Әзірге кқш басында «Арсенал» тұр – 14 рет.

Өткен маусымда кубокты «Ливерпуль» үздік шықты.