Пеп Гвардиола шәкірттері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші ойынында рекордтық нәтиже тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Баварияға» тиесілі рекорд 10 жыл бойы мұрты бұзылмай тұрған.
Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Манчестер Сити» турнирдің жаңа рекордын орнатты. WhoScored мәліметінше, ағылшын клубының ойыншылары бірінші таймда қарсылас қақпасына қарай 22 соққы жасаған.
Ал «Бавария» 2013 жылы чехиялық «Виктория Плзеньге» қарсы ойында 21 соққы жасаған болатын.
G тобындағы «Манчестер Сити» - «Црвена Звезда» матчы Манчестердегі «Этихад» стадионында өтіп, 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Есепті алдымен қонақтар сапынан Османа Букари ашты. Хосеп Гвардиола шәкірттерінің арасынан Хулиан Альварес дубль авторы атанса, Родри матчтың соңғы нүктесін қойды.