«Манчестер Сити» Англия кубогының финалында өнер көрсетеді

21 Сәуір, 08:28 765

«Манчестер Сити» Англия кубогының жартылай финалында «Челсиді» ұтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен кездесу «қалалықтардың» жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 84-минутта жартылай қорғаушы Бернарду Силва салды.

«Манчестер Сити» турнирдің финалына шықты. Хосеп Гвардиола шәкірттері финалда «Манчестер Юнайтед» пен «Ковентри Сити» арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Англия кубогының финалы 25 мамырда өтеді.

Зарина Арман
Бөлісу: