30.04.2025
15:17
1464
Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтардың таулы өңірлерінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.

2 мамыр күні республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.