28.04.2023
10:35
2073
Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр - Отан қорғаушы күні

9 мамыр - Жеңіс күні.

Қазақстандықтар мерекеге орай төрт күн демалады. Себебі 7 мамыр - жексенбі. Оның демалысы 8 мамырға ауысады.

Айта кетейік, егер мемлекеттік мереке демалыс күніне сәйкес келсе, онда демалыс бір күнге ұзартылады.