Соңғы жылдары екінші нарықта қытай автокөліктерінің үлесі едәуір өсті. Бұрын сенімсіз саналған бұл брендтерге бүгінде қолжетімді баға мен ұсыныстың көп болуы қызығушылықты арттырды. Алайда айдалған көлік аларда ескеретін жайттар бар екенін есіңізде сақтаңыз.
«Рамблер/Авто» көлік иелерінің пікірлері мен техникалық қызмет көрсету станциялары мамандарының бағасын саралай отырып, антирейтингке енген жеті қытай моделін анықтады.
Бұл кроссовер иелері ең алдымен құрастыру сапасының төмендігін атап өтеді. Пайдалану барысында қозғалтқыштың оттегі датчиктері жиі істен шығады, сондай-ақ тарату білігінің сальниктері, фазоайналдырғыштар, газ тарату механизмінің белдігі мен роликтері ерте тозады.
Руль күшейткіші бензосорғышта ақаулар жиі кездеседі. Жүріс бөлігінің ең әлсіз тұстары деп дөңгелек мойынтіректері, жоғары иінтіректер, артқы серіппелер мен алдыңғы амортизаторларды айтуға болады.
Екінші нарықта бұл модельдің 2021 жылға дейін шығарылған нұсқалары бар. Автокөлік иелері шамамен 70 мың шақырымнан кейін кузовта коррозия пайда болатынын айтады. Ал мамандар беріліс қорабының сальниктерінен май кететінін және аспа серіппелерінің сынатынын атап өтеді.
2017 жылға дейін шыққан бұл кроссоверлердің басты мәселесі – тез тат басатын кузов. Сонымен қатар беріліс қорабы мен ілініс тораптары тұрақты жөндеуді қажет етеді.
Қозғалтқыштың салқындату помпасы, стартер, әйнек сүрткіш моторы жиі істен шығады. Сондай-ақ шарикті тіректер мен руль тартпалары ұзаққа шыдамайды.
2020 жылға дейінгі нұсқалары сатылымда бар. Бұл модельде руль тартпалары мен алдыңғы тіректері тез тозады.
Техникалық қызмет көрсету мамандарының деректеріне сүйенсек, 60 мың шақырымнан кейін руль рейкасының бұзылу қаупі артады. Сонымен қатар тұтану катушкалары істен шығып, газ тарату фазасын өзгерту жүйесінің клапаны арқылы қозғалтқыштан май ағуы мүмкін. Кей жағдайда іліністің ажырату мойынтірегі кенеттен істен шығып, бүкіл жүйені зақымдайды.
Бұл седандардың тот басуға қарсы қорғанысы әлсіз. Көлік иелерінің айтуынша, әдетте астыңғы бөлігін қатты тот басады. Жоғары бөлігінде де мәселе көп: тіректер, сайлентблоктар мен дөңгелек мойынтіректерін жиі ауыстыру қажет.
Қозғалтқышта клапандарды реттеу қажет болады. Кейбір жүргізушілер мотордың кенеттен май «жеп» кететінін айтады, бұл цилиндр-поршень тобының тез тозғанын көрсетеді.
Бұл жол талғамайтын көліктер нарықта 2012 жылға дейін сатылғанымен, әлі де жолдарда кездестіруге болады. Кузовы коррозияға төзімсіз.
Қозғалтқыштағы түрлі датчиктер ұзаққа шыдамайды. Өткізгіштерден май ағып, радиатор шіруі мүмкін. Одан бөлек мәселелер де бар.
Электр жүйесі де әлсіз: фар шамдары жиі күйеді, орындықтарды жылыту жүйесі мен құрылғылар панелінің жарығы істен шығады. Салон қаптамасы тез тозып, жыртылады.
2018 жылға дейін шығарылған бұл кроссоверлердің бояу жабыны нашар. Тез тат басады. Ең үлкен проблема – роботтандырылған беріліс қорабы: кейбір жағдайда 20 мың шақырымға жетпей-ақ істен шығады.
Жүріс бөлігі де шыдамсыз. Электроникасына қатысты сұрақтар да аз емес: мультимедиялық жүйенің сенсорлық экраны толық өшіп қалатын жағдайлар кездеседі.
Мамандар қолданыстағы қытай автокөлігін таңдағанда арзан бағаға қызықпай, 2020-2021 жылға дейін шығарылған модельдерге аса сақтықпен қарауға кеңес береді.
Біріншіден, қосалқы бөлшектерді табу оңай емес. Екіншіден, автосервистердің бәрі бірдей ескі қытай техникасын жөндеуге келісе бермейді.