Польшаның Познань қаласында 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында каноэде есу жарысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
16 жастағы Малика Тұрсын 200 метр қашықтықта канадалық спортшы қыздан жарты секундқа артта қалып, OLYMPIC HOPES REGATTA жарыстарының күміс медалін жеңіп алды.
Мәре сызығын алғашқылардың бірі болып кесіп өткен кездегі сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Әрине, мен мәреге бірінші болып жеткім келді, бірақ сәл-пәл ғана жетпей қалды. Меңінше, бір сағаттан кейін ғана екінші орын алғанымды түсіндім. Шын мәнінде жаттығуға көп күш жұмсалды, бірақ "Жаттығуда қиын болса, ұрыста – оңай болады" деген сөз бекер айтылмаған ғой. Бірақ, мен қол сермеп бәрін тастағым келген кездер болды. Алайда, ата-аналар мен жаттықтырушылардың маған деген сенімі ең жақсы уәждеме болды. Бұл үшін оларға мың алғыс! - дейді Малика Тұрсын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Енді Малика қателермен жұмыс істеу және Olympic HOPES REGATTA-да алтын медаль алу мақсатына жетуді жоспарлап отыр. Жас спортшы әлем чемпионатын жеңіп алуды армандайтынын жасырмайды.