Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды

9 Қаңтар 2023, 12:33 1341

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім болды

Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Максим Александрович 1991 жылы туған. Білімі жоғары. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Инженер-менеджер.

«Nur Otan» ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, «Джей Энд Эс» халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы, «ZamandaS» Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, «Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, «Павлодар облысының кәсіпорталығы» КАБ төрағасының м.а., «Павлодар кәсіпқызмет» ЖШС-нің директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ жетекшісі, бас сарапшысы, «Нұр-Медиа» ЖШС медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып қызмет істеген.

EL.KZ
Бөлісу: