Максим Галкин Қазақстанда концерт беретін болды

7 Қыркүйек 2023, 20:37 1094

Ресейлік шоумен Максим Галкин Қазақстанға келетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін өнер иесі ел билігі белгісіз себептерге байланысты оның концертін өткізуден бас тартқанын айтқан болатын.

Галкиннің келетінін Eurostar entertainment халықаралық концерт егенттігінің директоры Алексей Пучков растады.

Достар, жақсы жаңалық бар! Қазақстанда Максим Галкиннің концерттері өтетін болды. Астанада – 8 қазан, «Қазақстан» ОКЗ. Алматыда – 9 қазан, Республика сарайы, - деп жазды ол әлеуметтік парақшада.

Перизат Саденова
Бөлісу: