Мәһрге 3 бөлмелі пәтер сұраған қалыңдық имамды таңғалдырды

30 Қазан 2023, 15:00 2850

TikTok-та неке қиюға барған жастарды жұрт талқылап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Той көйлегін киген қалыңдық мәһр сыйлығына 3 бөлмелі пәтер сұрады. Оны естіген имам таңданысын жасырмады. Күйеу жігіт те сыйлығын алып беретінін айтты.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды.

"Қателік жасады келін, бақыт пен бала сұрау керек еді", "Қызымыз болашағын ойлап отыр, несіне ғайбаттайсыңдар? Сол квартирада бала-шағасымен, құдай қосқан күйеуімен бақытты болсын!", деп жазып жатыр.

 

@beksss004 #❤️ ♬ оригинальный звук - beks__11

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: