Мәһрден бас тартқан жас келіннің сөзі желіні шулатты

16 Ақпан, 17:51 7313

Әлеуметтік желіде мәһр сыйлығын сұраудан бас тартқан жас келіннің видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде соңғы кезде некелескенде сұралатын мәһр сыйлығы қоғамда резонанс тудырып жүр. Қыздардың басым көпшілігі құны қымбат көлік, 2 бөлмелі пәтер сұрап жатса, енді бірі жеке ұшақ алып беруді сұрайды. 

Алайда жақында неке сыйынан мүлдем бас тартқан жас келіннің видеосы қызу талқыға түсті.

Мен мәһрді міндетті деп қабылдамаймын. Бастысы, ерімнің амандығы болса болды. Қалғанның бәрі Алланың қалауымен болар, - деп жауап қатты сыйдан бас тартқан қыз.

Видеода әйелінің жауабына күйеу жігіт ризашылық білдіріп, ал жанында отырғандар қыздың жауабына қолдау білдіреді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: