Астанада бокстан өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз Филиппин елінің боксшысы Аорон Жуд Бадомен жұдырықтасты. Алғашқы раундта-ақ қазақ боксшысы қасыласын нокдаунға түсіріп, есеп ашты. Тартысқа толы жекпе-жекте 55 келідегі спортшымыз екінші раундта да Филиппин спортшысын нокдаунға түсірді. Екінші раундтағы нокдауннан кейін отандық спортшының қарсыласы боксшы бәсекені ары қарай жалғастыра алмады