Махмұд Сабырхан ширек финалға өтті

11 Наурыз, 10:19 1925

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 57 келідегі кезекті жекпе-жегінде Жосуе Тирадоны (Пуэрто-Рико) 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Бұған дейін ол алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Эфиопия спортшысы Лета Фикеремариам Яадесаны, екінші айқасында Саравут Сукзетті 3:2 есебімен ұтты. 

Осылайша, ширек финалға ерлерден алты боксшы өтті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: