13.06.2025
17:02
2197
Мағжан Шамшадин дзюдодан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Мағжан Шамшадин дзюдодан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының спортшысы Мағжан Шамшадин Будапешттегі әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта америкалық Дэвид Тереомен кездесті. 

Белдесу қосымша уақытқа дейін созылды. Нәтижесінде қарсыласы қателік жіберіп, Мағжан жеңіске жетті.

Айта кетейік, Мағжан Шамшадиннің келесі қарсыласы испаниялық Франсиско Гарригос болмақ.

Бұған дейін 48 келіде Ғалия Тынбекова алғашқы айналымда ұтылған еді.