Мағжан Шамшадин – Душанбедегі Grand Slam-нің күміс жүлдегері

3 Мамыр, 18:30 691

Мағжан Шамшадин Тәжікстан астанасы Душанбеде басталған Үлкен дулыға (Grand Slam) санатындағы турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттың құрама дзюдошысы (-60 кг) ақтық айқаста жарыс қожайыны Мұхаммедсолех Кубатовқа жол берді. Қола медаль Изнаур Сааев пен Хайато Кондоның еншісінде кетті.

Бұл Шамшадиннің Үлкен дулыға санатындағы жарыстарда алған 4-жүлдесі. Ол былтыр маусымда Астанада алғаш рет өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam-да алтыннан алқа таққан. Ал Тель-Авивте (2022 жылы) және Тбилисиде (2023 жыл) қола жүлдеге қол жеткізген.

Мағжан бүгін іріктеуде Мұхаммад Махмадизоданы (Тәжікстан), Анджело Пантаноны (Италия) жеңіп, С тобынан шықты. Ал жартылай финалда Изнаур Сааевтың (Ресей) осал тұсын тапты.

Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Нұрқанат Серікбаев алғашқы белдесуінде жапон палуаны Хайато Кондоға жол берді.

IJF ережеcіне сәйкес, Grand Slam жеңімпазы мен жүлдегерлері әлем және Олимпиада рейтингінде ұпайға ие болады. Атап айтар болсақ, 1-орын үшін 1000, 2-орын – 700, ал 3-орын алған екі дзюдошы 500 балл алады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: