Магнитудасы 4,4: Алматыда тағы жер сілкінді

28 Ақпан, 10:20 9451

Сейсмологтар 28 ақпан күні сағат 07.17-де тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан 275 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы - 4,4.

Энергетикалық класы: 9.9. Тереңдігі: 5 км. Құрбан болғандар немесе қираулар туралы ақпарат жоқ, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦСН» және «И» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мамандары.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсембаев көпқабатты үйде тұратын әрбір алматылық білуі керек 10 қарапайым ережені еске салды.

Сейсмолог атап өткендей, Алматы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Сондықтан төтенше жағдайға әрбір азамат дайын болуы қажет.  

Алматылықтар үшін жер сілкінісі болған жағдайда отбасылық немесе ұжымдық іс-қимыл жоспарын алдын ала жасау маңызды:

Эвакуациядан кейін ауқымды төтенше жағдай туындаған кезде орналастырылатын жақын маңдағы қабылдау пунктіне бару керек. Алматыда зардап шеккен тұрғындарды қабылдайтын 384 пункт бар. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендер мен тұрғындарды қабылдау пункттері, әдетте, білім беру ұйымдарында – мектептерде, балабақшаларда, колледждерде, жоғары оқу орындарында орналасады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: