Магнитудасы - 4,3: Алматыға жақын маңда тағы да жер сілкінді

5 Ақпан 2024, 10:40
1644
Сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 09:18-де тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3, - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, ТЖМ Бурабайдағы жер сілкінісі туралы хабарламаға түсініктеме берген еді.
Бөлісу: