Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды

29 Желтоқсан 2022, 14:19 1471

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан Студенттер альянсының өкілдері кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2029 адам қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша 1774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегерлері атанды, оның ішінде бейіндік магистратура бойынша 100 грант.

Оқуға қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады, ал оқу ЖОО-ның Академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.

EL.KZ
Бөлісу: