Маған әділ болыңыздар - Қуандық Бишімбаев

4 Мамыр, 10:01 2392

Әйелін қасақана өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев сот жарыссөзіндегі сөзін аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев сот жарыссөзінде ұзақ уақыт сөйлеп, өзіне қатысты айтылған әрбір дерекке түсініктеме берді. Сөз соңында алқабилер алқасынан әділ болуды сұрады.

Құрметті алқабилер алқасы! Сөзімді түйіндесем, менің тарапымнан соңғы қорытынды шығарылды. Мен Салтанаттың өлгеніне кінәлімін. Бірақ қасақана өлтіруді жоспарламадым. Мен қасақа кісі өлтіру бойынша кінәлімін деп есептемеймін. Мен істеген ісім үшін жазамды өтеуге дайынмын. Сіздерден өтінерім, маған шешім шығарарда әділ болыңыздар, - дейді Қуандық Бишімбаев.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев бұған дейінгі сөзінде Нүкеновтерден кешірім сұраған еді. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: