23.12.2024
22:00
1181
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты

МАЭК-те жұмысшы қаза тапты

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) жазатайым оқиға болып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі оқиға фактісін растағанымен, толыққанды мәлімет беруден бас тартқан. БАҚ-тағы ақпарат бойынша, жұмысшы биіктен құлаған. Қайғылы оқиға комбинаттың үшінші станциясында болды.

Маңғыстау облысының полиция департаменті МАЭК-тегі ТЖ фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, - делінген полиция мәліметінде.