МАЭК мекемесіндегі №1 блок жұмысы тағы тоқтап қалды

7 Шілде 2023, 17:27 1080

Ақтаудағы МАЭК мекемесінде №1 блок жұмысы тағы да тоқтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан төрт күні бұрын кешкі сағат 17.31-де ЖЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт өсуіне байланысты №1 энергоблоктың (жүктеме 133 МВт) жұмысы тоқтатылған еді. 4 шілдеде сағат 21:50-де № 1 энергоблогы салқындағаннан кейін жөндеу жұмыстары басталып, жөндеу жұмыстары тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілген болатын.

6 шілде күні "МАЭК" ЖШС  ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 05.51-де энергоблок жұмысқа қосылғаны мәлім болды.  Жөндеу жұмыстары сапалы жасалғанымен 6 шілде күні сағат 17.33-те ЖЭС-те №1 энергоблокта жұмысты тағы да мәжбүрлі тоқтатуға тура келді. Қазіргі уақытта ЖЭС персоналы энергия блогын жөндеу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Маңғыстау облысының тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтауда, сонымен қатар елді мекендерді сумен жабдықтауда шектеулер жоқ.  Жөндеу жұмыстарын  9 шілде сағат 24.00-ге дейін жүргізуге шұғыл өтінім  берілген.

Жөндеу жұмыстарын 8 шілде  00.00-ден кейін бастау жоспарланған. Себебі,  энергия блогының қазандығын салқындату үшін 24 сағаттан астам уақыт қажет екені айтылып отыр.

Асқар Таудай
Бөлісу: