Танымал әнші Мадина Сәдуақасова жеке парақшасына жаңа әні шығатынын айтып, видео жүктеп, елден сүйінші сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әнші видеосының астына ешкімге ұқсамайтынын айтып, жазба қалдырды.
Осындаймын. 20-30 жаста қандай болдым, өзгермедім. Еркін, ерке, шынайы… Басқалармен салыстырмаңыз, әр адам басқа әлем, менің әлемім бөлек, ешкімге ұқсамайды, – деп жазды әнші.
Әншінің оқырмандары кіндігін ашып билегенін сынап тастады. «Дап-дардай қатын, киімі алқам-салқам», «Жасыңа лайық болсаңшы, халық сені талантың үшін сыйлайды», «Күйеуіңнің намысы жоқ екен» деп негатив пікір білдіріп жатыр.