Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова 2025 жылдың 12 мамырында анасы — Күлтай Үмбетовамен түскен суретін Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 69 жастағы анасымен бірге түскен фотосуретті 12 мамыр, дүйсенбі күні Stories бөліміне жүктеді. Суретке нәзік әсер беру үшін Мәдина өзінің «Ана» атты жүрек тебірентерлік әнін қойған.
45 жастағы әнші бұл фотосуретке арнайы жазба қоспастан, анасының Instagram парақшасын белгілеп, жүрек бейнесіндегі қызыл смайлик қалдырған.
Айта кетейік, 2025 жылы 11 мамыр күні Қазақстанда Аналар күні атап өтілді.